Cтойчо Младенов: Біз бүгін өте жақсы ойын үлгісін көрсеттік
Қызылордалық «Қайсардың» бас бапкері Стойчо Младенов ел чемпионатының 4-туры аясында «Астанаға» қарсы өткен матч (0:0) туралы пікір білдірді.
- Біз бүгін өте жақсы ойын үлгісін көрсеттік. Кейбір сәтте жолымыз болмай, доп қақпа бағанасына тиіп жатты. Дегенмен, команда құрамындағы ойыншыларға көңілім толады. Олар өте жақсы деңгей танытты. Егер біз осы деңгейдегі ойынымызды жалғастыратын болсақ, ұпай өзі-ақ келеді. Дегенмен, бізге шабуыл шебіндегі ойынды жақсарту қажет. Өйткені, төрт ойында небәрі бір ғана гол соқтық. Жалпы алғанда мен өз командама сенім артамын, - деді Стойчо Младенов матчтан соң.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или