Милан Радин: Бізге өз жанкүйерлеріміз жетіспей жүр

Милан Радин: Бізге өз жанкүйерлеріміз жетіспей жүр

«Ақ-қызылдардың» жартылай қорғаушысы Милан Радин «Тобыл» - «Ақтөбе» (2:1) матчына пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz порталы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.<br /><br /><span>- Бүгін биылғы маусымда біз ойнаған матчтардың ішіндегі әзірге ең үздік ойын болды деп санаймын. Иә, әлі де кемшін тұстарымыз көп. Әзірге толықтай түсінісіп кете алмай жүрген жас ойыншыларымыз бар. Оған қоса, бізге біздің жанкүйерлеріміз де жетіспей жүр. </span>

<span>«Қайратпен» өткен ойын, «Ертіспен» Кубок аясында өтетін ойынды біз Ақтөбеден тыс жерде ойнауға мәжбүрміз. Бұның да әсері бар. Ақтөбенің Орталық стадиондағы атмосферасы мүлде басқа нәрсе. Бұл жағдайдан шығу үшін еңбектене бермекпіз. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или