«Футбол Королі» тағы да ауруханаға түсіп қалды
Әйгілі бразилиялық футболшы Пеле ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы RMC Sport басылымына сілтеме жасап.
Килиан Мбаппенмен болған кездесуден өзін жайсыз сезінген Пеле Париж ауруханаларының бірінде тырыспа ауруымен түсті. 78 жастағы әйгілі аяқ доп шеберінің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ дейді дәрігерлер.
Мбаппе туралы Пеле: «Ол 19 жасында әлем біріншілігін жеңді, мен 17-де болғам. Меніңше, Килиан «жаңа Пеле» болуға әбден лайықты».
- <span>Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) - әлемнің үш дүркін чемпионы, ФИФА нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың ең үздік футболшысы. Бразилия құрамасы сапында 92 ойын өткізіп, 77 гол салған.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или