Абылайхан Хусаинов АҚШ-та жаттығуға кірісті
Қазақстандық боксшы Абылайхан Хусаинов<span> </span> АҚШ-та дайындық жаттығуларын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы боксшы Instagram-дағы жеке парақшасында жазды. Ол мұхиттың арғы бетінде өз отандастарымен бірге дайындалып жатқан көрінеді.
«<span>Кәсіпқой бокстың Меккесі саналатын Америкаға бағымды сынауға келдім. Кеше осы жердегі бауырларыммен бірінші жаттығуымды өткіздім! Ин ша Аллах енді Америка жерінде еліміздің көк туын желбітретіп, биік белестерден көріну үшін еңбек етемін</span>», - деп жазды Хусаинов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или