Қазақстандық экс-әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін өткізетін аренаны таңдады
Головкин келесі жекпе-жегі өтетін аренаны таңдады
LA Times ақпаратына сүйенсек, отандасымыз Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасын таңдаған. DAZN компаниясымен келісімшарт жасасқаннан кейін Геннадий алғашқы жекпе-жегін осы жерде өткізбек. Бокс кеші 8 маусымға жоспарланған. Бұл дата Нью-Йорк штатының Атлетикалық комиссиясымен талқылануда. Екі тарап келісімге келе алмаса, 14 маусымға ауыстырылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или