Шарипова Дума депутатын сотқа бермек

Шарипова Дума депутатын сотқа бермек

Кәсіпқой бокстан екі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Фируза Шарипованың командасы Дума депутаты, «Спорткраса-2019» Халықаралық сұлулық және спорт фестивалі ұйымдастырушы комитетінің төрағасы Равиль Хуснулинді сотқа бермекші. Бұл туралы спортшының баспасөз қызметі хабарлаған. 

«Біз «Спорткраса-2019» Халықаралық сұлулық және спорт фестивалі ұйымдастырушы комитетінің төрағасы, РФ Мемдумасының депутаты Равиль Хуснулинді сотқа береміз. Қазіргі күні біз адвокатпен ақылдасып, жақында мәселенің анығын айтамыз. Дегенмен, біз фестиваль продюсері Инга Першина мен Александр Александровқа алғыс айтқымыз келеді. Бірақ Равиль Хуснулиннің тарапынан болған іс-әрекеттер біз үшін қорлау болды» - деп жазды Фируза Шарипова инстаграмдағы парақшасында.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или