Жоао Пауло: Бұл футбол — доп қақпаға енгісі келмейтін кездер болады
Шымкенттік «Ордабасының» бразилиялық жартылай қорғаушысы Жоао Пауло негізгі команданың құрамына оралды жəне «Оқжетпеспен» өткен ойында алаңға алғашқы минуттан шықты.
<span>Бразилиялық ойыншы клубтың ресми сайтына ойын туралы жəне өзінің қазіргі жағдайы жайлы айтып берді. </span>
<span>— Матч жақсы өрбіді, біз көптеген сəттер жасадық жəне бізде гол соғатын көптеген мүмкіндіктер болды. Бірақ бұл футбол — доп қақпаға кіргісі келмейтін кездер болады, сондықтан бізге шыдамдылық керек жəне келесі Шымкентте өтетін «Жетісуға» қарсы ойынға дайындалу қажет. Əрине, біздің жеңіске жеткіміз келді, бірақ сырт алаңда тең ойнаған да — жаман нəтиже емес.</span>
— Сен енді ғана айықтың, жарақаттан кейін алаңға шықтың. Өзіңді қалай сезінудесің?
<span>— Шынымды айтсам, мен жүз пайызға дайын емеспін, əлі толықтай жазылмадым, бірақ өзімді жақсы сезінудемін. Мен келесі ойында да өзімді жақсы сезінетініме сенімдімін жəне командаға көмегімді тигізуге тырысатын боламын. </span>