Ресми: GGG — Брэндон Адамс жекпе-жегі 8 маусымда өтеді
Boxing Kingdom твиттер-парақшасы ресми түрде Геннадий Головкин мен Брэндон Адамстың жекпе-жегі өтетінін жазды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.
«GGG — Брэндон Адамс жекпе-жегінің анонсы осы аптада жарияланады. Кездесу 8 маусымда өтеді», — делінген атақты басылымның твиттер-парақшасында.
ExpressNews.com жекпе-жек Лос-Анджелес, Лас-Вегас, Нью-Йорк немесе Сан-Антонио өтуі мүмкін екенін жазды.
Айта кетейік, бұл қазақстандық боксшының DAZN компаниясымен келісімшартқа отырғаннан соң алғашқы жекпе-жегі болғалы тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или