«Барселонаның» жанкүйерлері клуб тарихындағы үздік голды таңдады
«Барселона» командасының жанкүйерлері клуб тарихындағы ең үздік голды анықтады.
Жанкүйерлер таңдауы бойынша клуб тарихындағы ең үздік голды 2006/2007 жылғы маусымдағы Испания кубогының жартылай финалында Лионель Месси соққан. Аргентиналық сұрмерген <span>«</span>Хетафеге<span>»</span> қарсы өткен ойында төрт бірдей ойыншыны және қақпашыны алдап өтіп, ашық қақпаны дәл нысанаға алады.
Бұл голға 45 % жанкүйерлер дауыс беріп, үздіктің үздігі деп таныған. Сауалнама қорытындысы бойынша екінші және үшінші орында да Лионель Месси соққан голдар тұр. Дауыс беруге әлемнің 160 елінен жарты миллионға жуық адам қатысқан. 64 голдың ішінен үздіктерін таңдаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или