Сидельников: «Ақтөбенің» қаржысы кімнің қалтасына кеткенін білемін
«Ақтөбенің» бұрынғы қақпашысы Андрей Сидельников клубты сотқа бергенін растады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>«Иә, «Ақтөбе» ФК-ны сотқа бердім. Өзімнің адал тапқан ақшамды сұрап отырмын! Бұл клубқа 9 жылымды арнадым, туыстарымнан алыс тұрдым, денсаулымды құрттым. Адал жолмен тапқан табысымды ешкімге бере салмаймын. 2017 жылғы командалық ақша кімнің қалтасына кеткенін білемін», - деді Сидельников. </span>
<span>Естеріңізге салсақ, 29 ақпанда Сидельников «Ақтөбенің» үстінен қалалық сотқа арыз жазып, өзіне 25 миллион 592 мың теңге көлемінде ақша өндіріп алмақ болғаны хабарланған еді. Бұл соманы ол жалақы бойынша берешек, ақысын кешіктіргені үшін айыппұл және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы үшін сұрап отыр. </span>
<span>Айта кетейік, «Ақтөбе» сапында Андрей Сидельников Қазақстан чемпионатында үш мәрте жеңіске жеткен. Одан бөлек чемпионаттың күміс және қола жүлдесіне де қол жеткізген. Ол үлкен спорттағы мансабын 2018 жылдың қаңтарында аяқтаған болатын.</span>