Бапкерін ауыстырған Қазақстан жастар құрамасы нашар нәтиже тіркеді
«Antalya Cup 2019» халықаралық турнирінде бес команда - Қазақстан, Эстония, Украина, Латвия және Македонияның жас футболшылары өнер көрсетті.
Қазақстан жастар құрамасын былтыр Талғат Байсуфинов баптаған. Жыл сайын бапкер ауыстырмаса басы ауыратын ҚФФ өткен жылы жап-жақсы нәтиже көрсеткен аға жаттықтырушыны жұмыстан босатты да, оның орнына Александр Москаленконы әкелді.
Биыл жыл басында құрама тізгінін ұстаған <span>Москаленко үшін бұл турнир алғашқы сынақ болатын. Алайда оның шәкірттері Қара теңіздің жағасында өте сәтсіз өнер көрсетіп қайтты. Үш ойынның бір-біреуінде жеңіске жете алмады. Екі-ақ гол соқты. </span>
Қазақстан алғашқы ойынын 22 наурыз күні Латвиямен өткізді. Бұл ойын тең нәтижемен аяқталды.
Қазақстан U-21 - Латвия U-21 - 1:1 (0:1)
Голдар: Сағадат Тұрсынбай 57 - Дэниельс Балодис 3
Қазақстан U-21: Бекхан Шайзада (Қ) - Лев Скворцов, Рауан Орынбасар, Талғат Кусяпов, Сағадат Тұрсынбай - Рамазан Оразов, Геворг Наджарян, Вячеслав Швырев - Акмаль Бақтияров, Марлен Айманов, Дмитрий Бачек.
Александр Москаленко шәкірттері 24 наурыз күні Эстонияға 1:2 есебімен есе жіберді.
Қазақстан U-21 - Эстония U-21 - 1:2 (0:0)
Голдар: Талғат Кусяпов 47 - Артур Ульянов 77, Каск 85
Қазақстан U-21: Бекхан Шайзада (Қ) - Наурызбек Жагоров, Әлібек Қасым, Дінмұхаммед Қашкен, Алтынбек Төлеев - Жан-Әли Пайруз, Бекзат Құрманбекұлы, Жандос Сұлтан - Вячеслав Швырев, Артур Шушеначев, Марлен Айманов.
Ал соңғы ойында Украина футболшыларынан да жеңілді. Есеп - 2:0.
Украина U-21 - Қазақстан U-21 - 2:0 (1:0)
Қазақстан U-21: Данил Устименко (Қ) - Лев Скворцов, Рауан Орынбасар, Талғат Кусяпов, Сағадат Тұрсынбай - Наурызбек Жагоров, Геворг Наджарян, Владислав Прокопенко - Жан-Әли Пайруз, Рамазан Кәрімов, Дмитрий Бачек.
«Antalya Cup 2019» турниріндегі Қазақстан U-21 құрамасының ойын кестесі:
22 наурыз. Қазақстан U-21 - Латвия U-21 - 1:1
24 наурыз. Қазақстан U-21 - Эстония U-21 - 1:2
25 наурыз. Украина U-21 - Қазақстан U-21 - 2:0.
Александр Москаленко «Antalya Cup 2019» халықаралық турниріне мына футболшыларды алып барды:
Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»).
Қорғаушылар: Рауан Орынбасар («Жетісу»), Әлібек Қасым («Қайрат»), Талғат Кусяпов, Лев Скворцов (екеуі де - «Астана»), Сағадат Тұрсынбай («Ертіс»), Дінмұхаммед Қашкен («Касабланка», Испания).
Жартылай қорғаушылар: Акмаль Бақтияров («Сочи», Ресей), Алтынбек Төлеев («Алтай»), Владислав Прокопенко («Астана»), Рамазан Оразов («Қайрат»), Бекзат Құрманбекұлы («Қайсар»), Наурызбек Жагоров («Ақжайық»), Жан-Әли Пайруз, Дмитрий Бачек (екеуі де - «Шахтер»).
Шабуылшылар: Жандос Сұлтан («Каспий»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Артур Шушеначев, Марлен Айманов (екеуі де - «Қайрат А»).
Резерв: қақпашылар – Данил Подымский («Астана»), Илья Сотник («Ертіс»), Данил Устименко («Қайрат»), қорғаушы – Артем Попов («Ертіс»), жартылай қорғаушылар – Сұлтан Сағнаев («Астана»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Сұлтанбек Астанов, Мұхит Жақсылық, Максим Ваганов (барлығы - «Ордабасы»), Евгений Мосин («Екібастұз»), шабуылшылар – Өркен Махан («Қайсар»), Ержан Ибрагимов («Ақжайық»).
Жаттықтырушылар штабы: Александр Москаленко – аға жаттықтырушы, Қайрат Нұрдәулетов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Александр Кузнецов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Даниил Рихард – қақпашылардың жаттықтырушысы, Петр Пустовар – дәрігер, Қайратәли Күнходжаев – массажист, Александр Шапкин – массажист, Владимир Горячий – бейнеоператор, Дінмұхамед Оралов – менеджер.