ҚФФ Ян Вороговскийдің не себепті тізімде болмағанын түсіндірді
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин «Советский спорт» басылымына берген сұқбатында Ян Вороговскийдің не себепті тізімде болмағанын түсіндірді.
<span>- Мен хаттаманы тексермеймін. Мүмкін ол тізімде болған шығар. Маған техникалық ақау болғанын, оның есімі түртілмегенін түсіндірді. Бұл техникалық жаңылысу, адами фактор. Вороговский Қазақстан құрамасының сапына тұрақты шақырту алып тұрады. Үш күн бұрын Шотландияға қарсы матчта алаңға шықты, тіпті, гол соқты. Бұл жолы да жеңіске жетсек, қандай «шу» боларын елестетіп көріңізші! </span>
- Ресей наразылық танытушы еді.
- Бұлай ойламаймын. Бас төрешінің көмекшісі де алаңға кімді шығарып жатқанын көрді. Мысалы, мен алаңға шығатын болсам, тізімді қайта қарар еді. Бәрі футбол алаңында шешілуі қажет!
- Қалайша мұндай техникалық қате жіберуге болады?
- Қайталап айтамын: бұл - адами фактор. Кез келген команданың негізгі құрамды матч басталмай тұрып 20-30 минут бұрын өзгертуге құқығы бар.