Қазақстан - Ресей: Ян Вороговский неге тізімде болмаған
Қазақстан құрамасының қорғаушысы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Ресейге қарсы ойынның тізімінде не себепті жоқ болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
30-шы минутта жарақат алып қалған Юрий Логвиненконың орнына Ян Вороговский шықты. Ал Қазақстан құрамасының қорғаушысы УЕФА-ның ойынға жасаған тізімінде жоқ болып шыққан.

Бірақ кейін белгілі болғандай, УЕФА өкілдері тізімді жасағанда жүйе футболшыны белгілемеген. Сол себепті, бұл техникалық ақау ретінде тіркелген.
Айта кетейік, аталмыш ойында Ресей құрамасы Қазақстанның қақпасына жауапсыз төрт гол соғып, жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или