Гафур Рахимов AIBA президенті қызметінен кетті

Гафур Рахимов AIBA президенті қызметінен кетті

Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Гафур Рахимов қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

AIBA президенті өзіне тағылған айыптың барлығы «саясат» екенін айтып, мойындамаған. Гафур Рахимов өткен жылдың қараша айында Халықаралық бокс қауымдастығының президенті болып сайланған еді. Алайда Халықаралық олимпиада комитеті бұл тағайындалудан соң бірден AIBA-мен қарым-қатынасын тоқтатты. Өйткені, Гафур Рахимов АҚШ қаржы министрлігінің тізімінде халықаралық қылмыстық топтың негізін қалаушысы ретінде тұр.

ХОК Гафур Рахимов президенттікке сайланса, бокстың олимпиада бағдарламасынан алынуы мүмкін екенін ескерткен. Артынша 2020 жылғы Токио олимпиадасына боксшыларды іріктеуді тоқтатты. 

22 наурыз күні өткен AIBA атқарушы комитетінің отырысында Гафур Рахимовтің қызметінен кетуін талқылап, орнына уақытта президентті тағайындауды сөз етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или