Алматы қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді

Алматы қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді

24 наурыз күні Алматы қаласындағы AlmatyArena көпфункционалды спорт кешенінде қазақстандық және бірқатар шетелдік боксшылардың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп жазады prosports.kz.

Алматы қаласы әкімдігі және «Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясының қолдауымен, «Suleimen Promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отырған бокс кешіне жергілікті спортшылардан бөлек, Ресей, Африка, Венесуэла, Өзбекстан, Беларусь, Грузия елдерінен келген боксшылар қатысады.

Кәсіби бокс Кеші Наурыз мерекесін тойлау аясында жоспарланып отыр. Көрермендерді жарқын да ұмытылмас кеш күтеді.

Бокс кеші аясында 8 жекпе-жек өтеді.

Кештің маңызды сәті - қазақстандық жеңіліп көрмеген боксшылар Айдос Ербосынұлы, Садриддин Ахмедов және Нұрсұлтан Жаңабаевтың қатысумен болатын үш титулды жекпе-жек.

Айдос Ербосынұлы (10-0-8KO) екінші жартылай орта салмақта Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Лукас Ндафолуммен (15-1, 6КО) WBA Intercontinental, WBC Asia және WBO Global белдіктерін сарапқа салады.

Лукас Ндафолума -  Оңтүстік Африкадағы Намибия Республикасының кәсіби боксшысы, лақап аты «Бұзушы». Ол кәсіби рингте 15 рет жекпе-жекке шықты, бір рет жеңілген және 6 жекпе-жекті мерзімінен бұрын нокаутпен аяқтаған (15-1-6КО). 76,2 келі салмақ пен орта салмақ дивизионында өнер көрсетеді.

«Eye of the Tiger Management»промоутерлік компанияның боксшысы Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) бірінші орта салмақта ,WBC Asia титулы үшін жекпе-жекке шығады, оның қарсыласы Индонезия елінен келген боксшы Джон Руба (17-5-1, 9 КО).

Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4KO) 25 жастағы венесуэлалық Иван Матутемен (28-1, 23 КО) WBA Intercontinental атағы үшін жұдырықтасады.

25 жасар венесуэлалық кәсіби боксшы Иван Матуте, лақап аты «Эль Демоледор» кәсіби рингте 28 жекпе-жек өткізген. Бір рет жеңілген және 23 рет жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған(28-1-23 КО). Оның салмағы -66,68 келі, бойы - 1,78 см құрайды. Кәсіби мансапты 2014 жылы бастаған.

Андеркартта переспективті кәсіби боксшылар ұсынылған. Атап айтқанда 16 жастағы боксшы Дастан Садуұлы Dastan Saduuly (2-0, 2 KO) жеңіл салмақта (61,2 келі) ресейлік Александр Салтыковпен - Alexander Saltykov (12-55-3,7 KO) кездеседі. Сонымен қатар, Искандер Харсан - Iskander Kharsan (5-0, 4 KO) екінші жеңіл салмақта (55 келі) Грузия   боксшысы Джаба Мемишишимен - Jaba Memishishi (8-10, 1 КО) жұдырықтасады.

Аскат Жантұрсынов - Askat Zhantursynov (3-0, 3 KO) бірінші ауыр салмақта (90,4 келі) рингке грузин спортшысы Рамази Гогичашвилиге - Ramazi Gogichashvili (22-27-2, 10 КО) қарсы шығады. Диас Тастемиров - Dias Tastemirov (3-0, 3КО) екінші орта салмақта  (76 келі) тағы бір грузин Малхаз Суджашвилимен - Malkhaz Sujashvili (10-4, 8 КО) шаршы алаңға шығады.

Өзбекстаннан келген боксшы Улугбек Хакбердиев - Ulugbek Khakberdiev (5-0, 3 КО) орта салмақта (72,6 келі) өнер көрсетеді. Оның қарсыласы белгісіз.

Бұдан бөлек, кеш шеңберінде бірнеше шаралар жүргізіледі:

22 наурызда «Достык Плаза» Сауда- ойын-сауық орталығында ашық жаттығулар өткізу жоспарланған. Басталуы 13:00

23 наурызда «Достык Плаза» Сауда- ойын-сауық орталығында салмақ өлгеу рәсімі, пресс-конференция жоспарланған. Басталуы 17:00

Бокс кеші 24 наурызда Almaty Arena көпфункционалды кешен алаңында өтеді. Басталуы 19:00 сағатта.

Анықтама: «SULEIMEN Promotions» промоутерлік агенттігі 2018 жылдың күзінде құрылды. Негізгі мақсаты- бокс және ММА әлеміндегі талантты спортшыларға қолдау көрсету.

Бүгінде боксшылар Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаевпен келісімшартқа қол қойған.

Айдос Ербосынұлы –– 14 қараша 1991 ж дүние келген. Кәсіби мансабын 2 қазан 2015 жылы бастаған. Алғашқыыһ қарсыласы Беларусь боксшысы - Андрей Долхожий. Айдос екінші орта салмақта (76.2 келі) өнер көрсетеді. Қазірге дейін 10 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. 8 рет жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған. Бокспен 11 жасынан айналысып келеді. 16 жасында бокстан спорт шебері атанған. Әуесқой бокстағы табыстары: Көптеген халықаралық турнирлердің чемпионы, Қазақстан кубогының чемпионы, Қазақстан чемпионатының Күміс және қола жүлдегері.

“Astana Arlans” құрамындағы бокстың әлемдік серия чемпионы.

Кәсіби бокстағы жетістіктері: WBA,WBC версиясы бойынша Азия чемпионы, WBO GLOBAL белдігінің иегері.

Нұрсұлтан Жаңабаев – 5 қыркүйек 1992 жылы дүниеге келген. Кәсіби бокстағы дебютін 22 қазан 2016 жылы Қытай боксшысы Синсинь Янге қарсы өткізген. Орта салмақ санатында (66.68 келі) өнер көрсетеді. Кәсіби бокста 6 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. 4 рет жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған.

Бокспен 15 жасынан айналысып келеді. Қазақстан Республикасының спорт шебері.

WBC Asia версиясы бойынша Азия чемпионы.

Садриддин Ахмедов – қазақстандық кәсіби боксшы. 31 қаңтар  1998 жылы дүние келген. Жасы: 21-де. Кәсіби бокстағы дебютін  7 сәуір 2018 жылы өткізді. Алғашқы қарсыласы Мексика елінің боксшысы Тони Баррерас. Садриддин кәсіби рингте 7 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен аяқтаған.

Кәсіби бокс кешіне билеттерді мына сайттар бойынша ticketon.kz, zakazbiletov.kz, kassir.kz, сонымен қатар ALMATY Arena кассаларынан ала аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или