Бокс

Фируза Шарипова миллион доллардан бас тартты

Фируза Шарипова миллион доллардан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шариповаға Токиода өтетін Олимпиада ойындарына өзге елдің атынан қатысуға ұсыныс түскен. Бұл туралы отандасымыздың менеджері Сергей Завилейский айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Фируза Азияда өте танымал. Оның жекпе-жектері Fox Asia-да үлкен аудиториямен көрсетілді. Сондай-ақ Сингапурдағы Sportel көрмесіне қатысуға да ұсыныс алды. Фирузаға өздерінің туы астында өнер көрсетуге екі ел ұсыныс білдірді: бірі бұрынғы кеңестік республика, бірі азиялық мемлекет. Екінші жағдайда, Фируза Олимпиада ойындарында осы елдің атынан шығатын болса 1 миллион доллар ақшалай сыйлыққа ие болатын еді. Этикалық себептерге байланысты мен ол елдерді атамаймын, себебі Фируза ұсыныстан бас тартты.

Біздің чемпионымыз әрқашан Қазақстан үшін өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта біз Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Ол үшін Қазақстан чемпионатын ұтып, күзде Ресейде өтетін Әлем кубогына лицензия алуымыз керек. Біз бапкерлер штатын ауыстырдық, қазір Фируза Ресей құрамасының жаттықтырушысы және спарринг серіктестерімен жарттығып жүр. Мен оның барлық іріктеу кезеңдерінен оңай өтіп, Олимпиада ойындарында топ жаратынына күмәнім жоқ», - деді Сергей Завилейский.

Естеріңізге сала кетейік, Шарипова 2020 жылы Қазақстан атынан Олимпиада ойындарына қатысуға ниет білдірген еді. Алайда оның алғашқы арманы кәсіби бокста абсолютті әлем чемпионы атану болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер