Бокс

Садриддин Ахмедов: Бәрі ойдағыдай өтті

Садриддин Ахмедов: Бәрі ойдағыдай өтті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында мексикалық Абрахам Хуареспен өткен жекпе-жек туралы айтып берді.

- Бәрі ойдағыдай өтті. Жекпе-жекке қойған жоспарымызды орындадық. Бұл қарсылас қалғандарынан қарағанда мықты болды. Кездесу он раундтық болған соң бар күшімді жұмсамай, өз сәтімізді күттік. Тактикамыз дұрыс болды деп ойлаймын.

- Алдағы жоспарыңыз қандай?

- Алдағы жоспарлар әзірге белгісіз. Бірақ құдай қаласа биыл үлкен жекпе-жектерге қадам басамыз.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Садриддин Ахмедов Канаданың Монреаль қаласында мексикалық Абрахам Хуаресті нокаутпен жеңіп, жастар арасындағы WBC белбеуінің иегері атанды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер