«Келісімшартқа қол қойды». Canelo – GGG ІІІ жекпе-жегі өтетін болды
НВО телеарнасының сарапшысы Рикардо Селис биыл қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес үшінші рет жұдырықтасатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Селистің сөзіне сенсек, Головкин DAZN платформасымен келісімшартқа отырған. Канело да сол платформанияның клиенті саналады.
«Канело – GGG ІІІ жекпе-жегіне дайындалыңдар. Головкин жаңа ғана DAZN-мен келісімшартқа қол қойды. Енді кездесу мамырда T-Mobile Arena-да өтеді», - деп жазды журналист.
Канелоның промоутері Оскар де ла Хойя да трилогия бойынша Головкинмен келіссөздердің басталғанын мәлім етті. Ол келіссөзге DAZN-ның да араласатынын айтып қалды, бірақ ресми түрде әлі ештеңе жарияланбады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или