Елордалықтар Еуропа лигасындағы жорығын аяқтады

Елордалықтар Еуропа лигасындағы жорығын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» бүгін Еуропа Лигасы топтық кезеңінің соңғы турында франциялық «Реннге» қонаққа барып, 2:0 есебімен жеңіліп қалды, деп жазады prosports.kz.

Алғашқы бес турдың қорытындысы бойынша елордалық команда 8 ұпай жинап, К тобында екінші орында тұрған. Алайда үшінші орындағы француз командасынан екі ұпай ғана алда болатын. Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өту үшін соңғы турда «Реннге» тек жеңіс керек болса, «Астана» үшін тең ойын да жеткілікті еді.

Екі команданың да плей-оффтан үміті болғандықтан, бұл матч аса тартысты болады деп күтілген. Алайда ойын біз ойлағандай тартысқа толы болған жоқ. Әділін айтқанда алаң иелерінің айық басымдылығы байқалып тұрды. Қазақстандық команда тең нәтижені қанағат тұтты ма, әлде маусым аяқталып қойғандықтан баптарын жоғалтты ма, бүгін біз нағыз «Астананы» көре алмадық. Тек қорғаныстың қамын күйттеп, артқа пас беруден аса алмаған команда үшін жеңістің ауылы алыс еді.

Француз жерінде өткен матчтың алғашқы таймында гол соғылмады. Алаң иелері 45 минут бойы тынбай шабуылдаса да есеп аша алған жоқ.

Алайда екінші таймда бәрі басқаша болды. Алғашқы 45 минутта сыр бермеген «Астана» қорғанысынан саңылау табылды. Қарсыластар бір емес екі бірдей гол соғып, дегендеріне жетті. Екі голды да 20 жастағы сенегалдық шабуылшы Исмаила Сарр соқты.

Осылайша елордалық команда Еуропа лигасынан шығып қалды.

Еуропа лигасы. Топтық кезең. Соңғы тур

«Ренн» - «Астана» - 2:0 (0:0)

Гол соққан: Сарр 66', 73'

«Ренн»: Диалло, Да Силва, Мешер, Сарр, Гренье, Сибачо, Буриго, Бенсебаини, Бен-Арфа, Андре, Траоре;

«Астана»: Эрич, Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Педро Энрике, Томасов, Маевский, Зайнутдинов, Ричард Алмейда, Кабананга, Постников.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер