Волейбол

«Алтай» командасы әлем чемпионатында 5-ші орынды иеленді

«Алтай» командасы әлем чемпионатында 5-ші орынды иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Волейболдан «Алтай» командасы клубтар арасындағы әлем чемпионатында тарихи жеңіске қол жеткізіп, 5-ші орынға табан тіреді, деп хабарлайды Prosports.kz

Өз тобындағы үш кездесуде ұтылған соң, «алтайлықтар» 5-8 орындар үшін таласты.

Алдымен біздің команда Қытайдың «Чжэцзян» командасымен жолығып, тартысты матчта 2:3 (25-23; 25-20; 17-25; 25-17) есебімен жеңіске жетті. Бес партияға созылған сында «Алтай» сапынан Наталья Маммадова мен Сана Анарқұлова жақсы ойын көрсетті. Олар тиісінше 24 және 22 ұпай жинаған.

Осыдан соң «Алтайды» франциялық «Волеро Ле Канн» қыздары күтіп тұрған. «Алтайлықтар» атақты қарсыластарын 3:0 (26:24, 25:14, 25:13) есебімен жеңіп кетті.

Осылайша, тарихта алғаш рет Өскеменнің «Алтай» волейбол клубы әлем чемпионатынан 5-ші орын иеленді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер