Жаға ұстатты
Бокс

Шәріповаға «Тақтар ойынына» жалаңаш түсуге ұсыныс түскен

Шәріповаға «Тақтар ойынына» жалаңаш түсуге ұсыныс түскен
news-banner7
mobile-news-top

Екінші жартылай жеңіл салмақта IBO тұжырымы және жеңіл салмақта WIBA мен WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Фируза Шәріпова «Тақтар ойыны» сериалына түсуден бас тартқанын айтты.

«Былтыр бұл сериалға түсуден бас тарттым. Себебі сол кезде ЭКСПО-2017 уақытында жекпе-жек өткізуге дайындалып жатқанмын», - деді 24 жастағы қазақстандық боксшы Nur.kz сайтына берген сұқбатында.

Боксшының айтуынша, келіссөздерді оның менеджері жүргізген.

«Тақтар ойыны» сериалының келесі маусымына түсуден де бас тарттық, себебі онда жалаңаш түсу қажет болған. Бұл менің көңілім шықпады. Мен үшін бірінші кезекте – бокс және әлем чемпионы болу», - деді Фируза.

Шәріпованың менеджері Сергей Завилейскийдің сөзіне сенсек, Фиразуға киноға түсуге ұсыныстар жиі келіп тұрады. Бірақ Шәріпова кәсіпқой бокспен белсенді айналысып жүргендіктен, өзінің жарты жылын кинотүсірілімге арнауға дайын емес.

Фирузаның өзі абсолютті әлем чемпионы атануды жоспарлап отырғанын мәлім етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер