Жанкүйерлер 2018 жылғы әлем чемпионатының ең есте қалар сәтін таңдады

ФИФА-ның Твиттердегі ресми парақшасында биылғы әлем чемпионатындағы ең қызықты сәті туралы сауалнама жүргізілді.
Сауалнама қорытындысы бойынша, португалиялық Криштиану Роналдудың топтық кезеңде Испания қақпасына хет-трик жасағаны бірінші орын алды.
Ал екінші орынды Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Кроостың шведтер қақпасына соққан жеңіс голы иеленді.
Жанкүйерлер үшінші орынға уругвайлық шабуылшы Эдинсон Каванидің 1/8 финалда Португалия қақпасына жасаған дублін қойған.
Ал Перу шабуылшысы Хосе Паоло Геррероның топтық кезеңде Аустралия қақпасына соққан екі голы төртінші орын алды.
These 4 have some great Sochi #WorldCup memories, but which is your favourite?

@ToniKroos & his last-gasp winner
@Cristiano's unforgettable hat-trick
@ECavaniOfficial, whose brace eliminated Portugal
Paolo Guerrero helping see Peru fans head home with a win
— FIFA World Cup (@FIFAWorldCup) 8 ноября 2018 г.