PROСПОРТ-блог
Бокс

Круассан жеп жарысқан боксшы қайтыс болды

Круассан жеп жарысқан боксшы қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан әлем чемпионы атағына үміткер болған Марио Мело жылдамдыққа круассан жеп жарысында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz Daily Mail порталына сілтеме жасап.

Мело Аргентинаның Пинамар қаласында өткен жарысқа қатысқан. 56 жастағы ер адам үшнші круассанды жеу барысында қақалып қалған. Жеген тағамы тыныс алу жолдарын бітеп тастаған боксшыға көмек көрсетілсе де, құтқару мүмкін болмаған.

Марио Мело 1990 жылы жартылай ауыр салмақта Майкл Мурерге қарсы чемпиондық титулына жекпе-жек өткізген. Аргентиналық боксшы кәсіпқой бокста 30 рет шаршы алаңға шығып, 21-інде жеңіске жеткен. Мело Аргентина чемпионы және Оңтүстік Америка чемпионы титулдарын иеленген.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер