Әлем футболы

Мбаппе — ең қымбат ойыншы

Мбаппе — ең қымбат ойыншы
news-banner7
mobile-news-top

CIES Football Observatory зерттеу орталығы Еуропа лигасындағы ең қымбат ойыншыларды анықтады.

Рейтинг құруда футболшының жасы мен клубпен арадағы келімсімшарты есепке алынды.

Трансферлік құны 216,5 миллион еуро құрайтын 19 жастағы Франция және «ПСЖ» клубының шабуылшысы Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшы болып танылды.

Қымбат футболшылар тізімінде екінші орында 197,3 миллиона евроға бағаланған ағылшын Гарри Кейн («Тоттенхэм», Англия) енсе, үздік үштікті Неймар (197 млн) жапты.

Үздік ТОП - 10-ға Мохамед Салах («Ливерпуль», 173 млн), Филиппе Коутиньо («Барселона», 171,3 млн), Лионель Месси («Барселона», 170,6 млн), Рахим Стерлинг («Манчестер Сити», 164,6 млн), Ромелу Лукаку («Манчестер Юнайтед», 164,3 млн), Деле Алли («Тоттенхэм»,163,4 млн) және Антуан Гризманн («Атлетико», 157,7 млн) кірді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер