Жаға ұстатты
ММА

Головкин Хабибтің жеңісінен кейін шаршы алаңға «шығып кетті»

Головкин Хабибтің жеңісінен кейін шаршы алаңға «шығып кетті»
news-banner7
mobile-news-top

Хабиб Нурмагомедовтың Конор Макгрегорға қарсы жекпе-жегінен кейін интернетте күлкілі суреттер мен видеолар жарияланып жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

Олардың арасынан нағыз жауһар дүниелерді де кезіктіруге болады. Арабтың 3D-аниматоры Муджахид Фудайлат ережесіз жекпе-жек пен бокстағы маңызды оқиғалар туралы анимациялық мультфильмдер жасауды әдетке айналдырған. Фудайлат спортшылардың тұлғасын жасап, олардың видеожазбалардан алынған дәйексөздерін пайдаланады. Хабиб пен Конор жайлы мультфильмі өте көңілді шыққан.

Роликтің басында Конор қарсыласын жайратып салуға уәде береді. Хабиб ирландиялықты нокдаунға жіберіп, оның дін туралы, әкесі мен Бруклин автобусы жайлы айтқан сөздерін еске түсіріп, ұрып-соғады. Ол Макгрегорға тұншықтыру әдісін қолданған кезде, кенеттен сегізбұрышта бокстан бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин пайда болып, өзінің үйреншікті «Big Drama Show» деген сөзін айтады.

Хабибке бүркіттің қанаты бітіп, сегізбұрыштан ұшып шығып, Диллон Дэнисті (Конордың спарринг серіктесі, оған Хабиб жеңіске жеткеннен кейін шабуылдаған болатын) іліп әкетеді. Осы кезде Нурмагомедовтың достарының бірі Конорға шабуылдайды, ерні көгерген ирландиялыққа (баспасөз конференциясында Хабибке «Сен өлесің! Сенің көгерген ерніңді көріп тұрмын» деген болатын) UFC басшысы Дэйна Уайт араша түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер