Бокс

Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді

Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (2-0, 1 КО) кәсіби бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады prosports.kz.

Оклендтегі (Калифорния штаты, АҚШ) бокс кешінде шаршы алаңға шыққан Жәнібек 24 жекпе-жек өткізіп, 16-ын жеңген колумбиялық Карлос Галванмен жұдырықтасты. Жекпе-жек жоспарланған барлық раундтың соңына дейін жалғасып, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Естеріңізде болса, Жәнібек Әлімханұлы биыл маусым айында әлемге әйгілі промоутер Боб Аруммен келісімшартқа қол қойған болатын. Бұл Жәнібектің Боб Арум басқаратын Top Rank промоутерлік компаниясы қатарына қосылғаннан кейінгі АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі.

Әлімханұлы келесі кездесуін 3 қараша күні Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында өткізеді. Қарсылас АҚШ боксшысы болады деп жоспарлануда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер