Жүкембаев 14 рет нокаутпен ұтқан боксшымен кездеседі
6 қазанда қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Квебекте (Канада) жекпе-жек өткізеді.
Оның қарсыласы мексикалық Патрисио Морено (20-2, 14 КО) болмақ. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, Жүкембаев кәсіпқой бокста 13 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін де жеңіспен аяқтаған. 11 кездесуді нокаутпен бітірді.
Қазақстандық боксшы өзінің соңғы жекпе-жегінде аргентиналық <span>Хонатан Хосе Эниспен (21-10-1, 8 КО) кездесіп, жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Осылайша, Жүкембаев WBC Continental Americas белдігін ұтып алған еді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или