«Қайраттың» «Зенитке» қарсы шығатын негізгі құрамы

«Қайраттың» «Зенитке» қарсы шығатын негізгі құрамы

Бүгін Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жергілікті «Зенит» командасы мен алматылық «Қайрат» жолдастық кездесу өткізеді, деп жазады prosports.kz.

«Қайрат»: Покатилов, Е. Ахметов, Әліп, Барбоза, Лунин, Эсеола, Иличевич, Парагульгов, Аршавин, Х. Фелипе, Кейлер.

Қосалқы құрам: Лория, Хайтмуратов, Сарсенов, Суюнов, Люхай, Котов, Сизов, Ульшин. 

Бір айта кетерлігі, Ресей ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны, қазіргі таңда алматылық «Қайрат» футбол клубында доп тебетін Андрей Аршавин дәл осы «Зенит» командасының аңыз ойыншысы саналады. Аршавин «Зенит» сапында Еуропа лигасын, Еуропа Суперкубогын жеңіп алған. Қазіргі таңда Сергей Семак бастаған «Зенит» Ресей Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде көш бастап келеді. Ал «Қайрат» ел чемпионатында екінші орынға жайғасқан. Алғашқыда бұл матчты отандық Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетуі мүмкін екені айтылғанымен, соңғы сәтте бұған мүмкіндік болған жоқ.

<span>Аталған ойын Астана уақыты 21:00-де басталады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или