Еркебұлан Сейдахмет: Грузияға қарсы ойында тәп-тәуір тәжірибе жинадым

Еркебұлан Сейдахмет: Грузияға қарсы ойында тәп-тәуір тәжірибе жинадым

Қазақстандық жас шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет Андорра мен Қазақстан құрамалары арасындағы матчқа дайындық кезінде Андорра-ла-Вельяға келген қазақстандық журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп жазады prosports.kz.

- Грузия құрамасына қарсы матчта соңғы минутта ғана алаңға шықтыңыз. Өзіңіздің өнеріңіз бен ойын тәжірибеңізге қанағаттанасыз ба?

- Бұл бапкерлер құрамының шешімі. Олар менің жағдайымды, оның ішінде физикалық жағдайды жақсы біледі. Мен бапкерлерге толығымен сенемін. Ешқандай көңіл толмаушылық жоқ. Осы 4-5 минуттың өзінде мен тәп-тәуір тәжірибе жинадым.

- 4-5 минут ішінде ойынды толық сезіне алдыңыз бе?

- Аз ғана уақыт ойнасам да өзімнің алғашқы ресми ойынымда, атмосфераны сезініп үлгердім. «Астана Аренада» құрама сапында бірінші мәрте алаңға шықтым. Жанкүйерлердің алдында алғашқы ойынымды өткізгеніме қуаныштымын.

- Андорраға қарсы дайындық қалай?

- Андорра құрамасына қарсы біз толық дайынбыз. Бапкерлер алқасы қарсыласымыздың қорғанысы мен шабуылы қалай жұмыс істейтінін толық көрсетіп берді. Енді, 10 қыркүйекте жеңіске жету үшін ойнайтын боламыз.

- Қазақстан ұлттық құрамасының өзіңіз ең алғаш рет көрген ойыны есіңізде ме?

- Шынын айтсам, есімде жоқ. Есімде қалғаны тек Еуропада бақ сынайтынымыз. Сол кезде құрамада доп тебетін Шомко, Исламхан қатарлы футболшылардың ойынын көріп, оларға жанкүйер болатынмын. Ал қазір олармен бірге өнер көрсетіп жүргеніме өте қуаныштымын.

— Бұған дейін Қазақстан құрамасы Андоррамен екі рет кездесіп, екеуінде де жеңген. Әрі екі ойында да қазақстандық шабуылшылар, Остапенко мен Хижниченколар дубль жасаған. Ал бүгінгі ойыннан не күтесіз?

— - Мүмкін, бұл үрдіс өз жалғасын тауып, біздің шабуылшыларымыздың бірі екі гол соғатын болар. Маңыздысы ойында жеңіске жетсек дейміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или