Головкин жанкүйерлерін алаңдатып қойды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Саул Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жектің қаншалықты маңызды екенін айтты.
- Бұл менің мансабымдағы ең үлкен жекпе-жек… Маған алдағы бірнеше жылдың ішінде дәл қазіргідей жақсы мүмкіндік берілмейтін шығар. "Канело" даңқты боксшы, P4P-чемпионы атағы бәске тігілетін бұл жекпе-жекті кім жеңсе де үлкен оқиға болмақ. Қаншама демеуші тартылды, қаншама адам бұл кездесуді тамашалайды – бұл маған ұнайды!, — деп мойындады Головкин.
«<span>Канело</span>» — GGG рематчы 15 қыркүйекте (Қазақстанда 16 қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или