Бокс

Әлемнің ең әлсіз боксшысы карьерасын аяқтады

Әлемнің ең әлсіз боксшысы карьерасын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

«Әлемнің ең әлсіз боксшысы» деген жаман атқа қалған британиялық «Джорнимен» Кристиан Лайт кәсіпқой бокстағы карьерасын аяқтады. Өткен айда 38 жасын атап өткен боксшы шаршы алаңда өткізген 15 жылда 300 жекпе-жек өткізіп, 12-сінде ғана жеңіске жеткен екен.

Уоркширдің тумасы кәсіпқой шаршы алаңдағы алғашқы айқасын сонау 2003 жылы өткізген екен. Шілденің 28-і күні 300-ші жекпе-жегін артта қалдырды. Соның 12-інде ғана жеңіске жетіп, 9 кездесуін тең өткізген. Ал қалған 279 айқасында жеңілістің кермек дәмін татқан. Соған қарамастан әріптестерінің арасында «Сенімді» деген лақап есімге ие. Бір қызығы, 300 жекпе-жегінің бесеуінде ғана сегіз раундтық айқас өткізіп, екеуінде 10 раунд жұдырықтасқан екен. Қалғандарының барлығы 4 немесе 6 раундтық кездесулер болған. Соңғы рет 53 жекпе-жек бұрын жеңіске жеткен, ал жеңіліп келе жатқанына 39 айқас болыпты.

– Мұның барлығы балаларымның қамсыз өсуі үшін. Мектепте құрдастары одан «әкең кім?» деп сұрамайды. «Қандай тамақ ішесің? Не киім киесің?» деп сұрайды. Қарындары тоқ, киімдері көк болуы керек. Қалғанының барлығы бизнес. Дегенмен, бокс әлемінде үлкен тәжірибе жинадым. Енді мен менеджер болғым келеді, – дейді бұл туралы Кристианның өзі.

Дегенмен, сонша жеңілісі бола тұра Кристиан Лайтты әлсіз дей алмайсың. 279 жеңілісінің бесеуінде ғана нокаутқа түскен. Қалғанының барлығы төрешілердің шешімімен. Қыркүйектің 1-і күні кезекті кездесуін өткізуі тиіс еді, бірақ бұл жолы былғары қолғабын шегеге ілуді жөн көріпті.

Түпнұсқасы: diamondring.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер