Боксшыларымыз Азиададан неге алтынсыз оралды

Боксшыларымыз Азиададан неге алтынсыз оралды

<span>Азия ойындарындағы Қазақстан ұлттық құрамасының сәтсіздігі ең алдымен аса ауыр салмақтағы боксшылар мен зілтеміршілердің құрлықтық додаға қатыспауымен байланысты. Сондай-ақ жекелеген спорт түрлеріндегі төрешілердің әділетсіздігі де алтын санына әсер етті. </span>

<span>Мәдениет және спорт министрі осылай деп мәлімдеді. Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, жауапты министрлік енді төрешілер корпусындағы қазақстандық әділқазылардың санын арттыру бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов та қазақстандық боксшылардың не себепті алтынға қол жеткізе алмағанын түсіндіріп берді. </span>

<span>Айта кетейік, Азиадаға қатысқан 7 былғары қолғап шеберінің тек екеуі ғана финалға шыққан болатын. Өкінішке қарай, Әбілхан Аманқұл да, Асланбек Шымбергенов те жеңіс тұғырына көтеріле алмады. </span>

<span>- Әрбір жігіттің ақырына дейін, әр раундтың соңғы секундына дейін жеңісті қолдан бермей, бар күшін бергеніне мен ризамын. Финалдық кездесулерде де. Қалай жеңесің? Төреші сені жұдырықтастырмаса, сені тоқтатып жатса, саған ескерту жасай берсе. Айтуға оңай да сыртта отырып. Осының ішінде немесе теледидардан көрсе, кемшілік іздеген адамдар басқаша сөйлейтін еді деп ойлаймын, - деді Мырзағали Айтжанов.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или