Ресми: Роналдо «Вальядолид» клубын сатып алды
Атақты футболшы Роналдо Испанияның «Вальядолид» клубының қожайыны атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz порталына сілтеме жасап.
<span> Жасыл алаңда «қасқа тіс» лақап атымен танылған теңдессіз ойыншы алдағы уақытта басқарушы қызметте өзін сынап көреді. Роналдо команданың 51 пайыз акциясын 30 миллион еуроға сатып алды. Ол енді клубтың директорлар кеңесінің төрағасы болады. «Вальядолид» Испанияның Ли лигасына биыл шықты. 90 жылдық тарихында клуб ешқандай жетістікке жеткен емес. </span>
<span>Роналдо, «Вальядолид» клубы директорлар кеңесінің төрағасы: </span>
<span>- Мен өмірімде тағы бір маңызды шешімге келдім. Осы жұмысқа кірісу үшін ұзақ ойландым. Енді біз бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Бәріміз клубтың жоғарғы лигада қалып, жан-жақты дамуына қызмет етеміз. Футболдағы тәжірибемді ойыншылармен бөлісемін. Жақсы басшы боламын деп ойлаймын.</span>