Лионель Месси Ла Лигада тағы бір рекорд орнатты

Лионель Месси Ла Лигада тағы бір рекорд орнатты

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатында 150 нәтижелі пас берген ХХІ ғасырдағы алғашқы ойыншы атанды.

Үшінші турдағы «Уэскаға» қарсы матчта Месси екі гол соғып, екі нәтижелі пас берген еді. «Барселона» бұл ойында 8:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, аргентиналық футболшының еншісінде 151 нәтижелі пас бар. Топ-5 еуропа лигада бұл көрсеткіш бойынша екінші орында Сеск Фабрегас келеді – 143. Ал үздік үштікті Месут Озил түйіндейді – 128.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или