Ақтөбеде Самат Смақовтың қоштасу матчы өтті

Ақтөбеде Самат Смақовтың қоштасу матчы өтті

Аты аңызға айналған футболшы Самат Смақовтың ойыншы мансабын аяқтауына орай ұйымдастырылған халықаралық жолдастық матч аяқталды, деп жазады prosports.kz.

Ойын Ақтөбе қаласының Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионында өтті. 

Матчқа жиналған жанкүйерлер қарасы аз болған жоқ. Аңыз ойыншының қазақ футболына сіңірген еңбегіне алғыс айту үшін арнайы келген <span>Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Самат Смақовқа көлік мінгізіп, қошамет көрсетті.</span>

Ал кездесу «Ақтөбе» сапында ойнаған ойыншылардан құралған «Ақтөбе ардагерлер» командасы мен Смақовпен бірге доп тепкен «Смақовтың достары» командасы арасында өтті. Самат Смақов екі таймда екі команда сапында өнер көрсетті. Әрі пенальтиден гол соқты. 

Қорытынды есеп 6:5 болып <span>«Ақтөбе ардагерлер» командасының пайдасына шешілді. Тағы бір айта кетерлігі, ойынның 80-ші минутында кіші Смақов Аламгир Саматұлы әкесінің орнына алаңға шықты. Әрі гол соқты.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или