«Реннің» президенті: Грандтардың бірімен ойнаймыз деп үміттенген едік
Франциялық «Реннің» президенті Оливье Летанг Еуропа лигасы К тобының фаворитін атады.
Бұл квартетте «Реннен» бөлек, қазақстандық «Астана», украиналық «Динамо» мен чехиялық «Яблонец» ойнайды.
«Еурокубокта тәжірибелі клубпен ойнағымыз келген. Грандтардың бірі түседі деп үміттенгенбіз. Біздің басты мақсатымыз – топтан шығу. Еурокубокта мұндай жетістік әлі қолымыздан келмеген еді. Бұл оңай болмайды, бірақ бар күшімізді саламыз.
Топтың фавориті кім? «Динамо». Бұл команда ұлы тарих пен еуропалық үлкен тәжірибеге ие», - деді Летанг France Football-ға берген сұқбатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или