Азиада - 2018: Бүгін екі боксшымыз алтын жүлдеге таласады
Бүгін Азия ойындарында бокс жарысының финалдық кездесулері өтеді, деп жазады prosports.kz.
Бір өкініштісі, еліміз атынан сынға түскен боксшылардың екеуі ғана финалға жолдама алды.
69 келіде сынға түскен Асланбек Шымбергенов финалда өзбекстандық Усмон Батыровпен жұдырықтасады.
Ал 75 келіде өнер көрсететін Әбілхан Аманқұлдың жартылай финалдағы қарсыласы үндістандық Кришан Викас жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқандықтан біздің боксшы финалға өтті.
Финалдық жекпе-жектер Астана уақыты сағат 14:15-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или