Азиада-2018. Екі боксшымыз финалға шықты

Азиада-2018. Екі боксшымыз финалға шықты

Қазақстандық екі боксшы Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы үндістандық Кришан Викас болуы керек еді. Алайда үндістандық боксшы жарақатының салдарынан рингке шыққан жоқ. Осылайша, Әбілхан рингте жұдырықтаспай-ақ, финалға өтті.

Енді оның финалдағы қарсыласы Эймур Феликс Марсьяль (Филиппин) — Исраил Мадримов (Өзбекстан) жұбының жеңімпазы болады.

Қазақтың салмағына айналған 69 келіде ел намысын Асланбек Шымбергенов қорғауда. Ол жартылай финалда иорданиялық Зейяд Эашашпен жекпе-жек өткізді. Қазақстандық боксшы қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді – 5:0.

Ол енді ақтық сында Сайлом Арди (Таиланд) — Бобо-Усмон Батуров (Өзбекстан) жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасады.  

Айта кетейік, Азиаданың финалдық жекпе-жектері 1 қыркүйекте өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или