ЧЛ: 2018-19 жж. маусымы топтық кезеңінің барлық қатысушылары анықталды
Бүгін, 30 тамызда Монакода біздің уақытпен кешкі 22.00-де Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді.
4 жәшікке жіктелген 32 команда тізімі мынадай:
Бірінші: «Реал» (Испания), «Атлетико» (Испания), «Бавария» (Германия), «Барселона» (Испания), «Ювентус» (Италия), «ПСЖ» (Франция), «Манчестер Сити» (Англия), «Локомотив» (Ресей).
Екінші: «Боруссия» Дортмунд (Германия), «Порту» (Португалия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Шахтер» (Украина), «Наполи» (Италия), «Тоттенхэм» (Англия), «Рома» (Италия), «Бенфика» (Португалия).
Үшінші: «Ливерпуль» (Англия), «Шальке 04» (Германия), «Лион» (Франция), «Монако» (Франция), «Аякс» (Голландия), ЦСКА (Ресей), ПСВ (Голландия), «Валенсия» (Испания).
Төртінші: «Виктория» Пльзень (Чехия), «Брюгге» (Бельгия), «Галатасарай» (Түркия), «Янг Бойз» (Швейцария), «Интер» (Италия), «Хоффенхайм» (Германия), АЕК (Грекия), «Црвена Звезда» (Сербия).