Әбілхан Аманқұл Азия ойындарының жартылай финалында жұдырықтасады
Бокстан 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Әбілхан Аманқұл Азия ойындарының жартылай финалына өтті деп хабарлайды<span> </span>Olympic.kz.
Ширек финалдық бәсекеде Әбілхан тайпейлік боксшымен кездесіп, қарсыласын екі рет есеңгіретті. Жекпе-жек нәтижесі бойынша айқын басымдықпен жеңіске жеткен Әбілхан енді Азия ойындарының жартылай финалында жұдырықтасады.
Әбілханның келесі қарсыласы - үндістандық Викас Кришан.
Өкінішке қарай, 51 келіде ел намысын қорғаған Назым Қызайбай тайпейлік спортшыдан жеңіліп, Азия ойындарын аяқтады.
ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или