Жекпе-жек бастала сала рингтен қашқан боксшыны өмір бойына шеттету ұсынылды
Ауыр салмақта жұдырықтасатын америкалық Кертис Харпер (13-6, 9 KO) Нигериядан келген Ефе Аджагбамен (6-0, 5 KO) жұдырықтасу орнына рингтен кетіп қалуына байланысты дау әлі басылар емес.
<span>Оқиға АҚШ-тың Минеаполис қаласындағы Premier Boxing Champions турнирінде 26 тамызда болған. Харпердің бапкері боксшының не істемек болғанынан бейхабар болғанын айтады. Ал боксшының өзі жекпе-жек үшін аз ақша төленіп, сыйластық танытылмағаны үшін кетіп қалғанын түсіндірді. Осы оқиағаға байланысты Ефе Аджагбаның бапкері Ронни Шилдс мұндай қылық үшін Харперді өмір бойына бокстан шеттету керек деген ойда. </span>
<span>«Мұндай үшін бокстан өмір бойына шеттету, қуу қажет. Оған рингке оралуға рұқсат бермеу керек. Қайтадан солай істесе ше, бұл шоудың басты оқиғасы болғанда ше? Адам жекпе-жектің келісімшартына қол қойды. Оған тәуліктік ақы, қонақүйдің ақшасы төленді. Одан бас тартқан жоқ қой. </span>
<span>«Осыдан кейін арқаннан аттап, рингтен шығып кетті. Сұмдық қой. Бәріне қол сілтеді. Жекпе-жекті көру үшін ақша төлеген жанкүйерлерге түкіргені бар. Ол өзіне де, боксқа да зиян келтірді. Бокс атын былғады», - дейді Шилдс.</span>