ҚХЛ-да Біріккен Араб Әмірлігінің клубы пайда болуы мүмкін
Құрлықтық хоккей лигасында Бірікке Араб Әмірлігінің командасы да өнер көрсетуі ықтимал. Бұл туралы лиганың бірінші президенті Александр Медведев айтты.
Оның сөзіне сенсек, Араб әмірлігі өте бай хоккей командасы құрмақ. Сондықтан, жақын арада лигаға БАӘ клубы да қосылуы әбден мүмкін.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ҚХЛ-да 25 клуб ойнап жүр – оның 19-ы ресейлік командалар. Қазақстан, Беларусь, Латвия, Словакия, Финляндия мен Қытайдан бір клубтан бар.
ҚХЛ-дың жаңа мауысымы 1 қыркүйекте басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или