Головкин — Альварес андекардында жұдырықтасатын боксшылар белгілі
15 қыркүйекте орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші жекпе-жегі өтеді.
Головкин - Альварес андекардында тағы да сегіз жекпе-жек болады. Әзірге, жеті жұп белгілі. Франсиско Эспарзоның қарсыласы әлі белгісіз.
Назарларыңызға толық тізімді ұсынамыз:
— Орта салмақта (72,6 кг дейін) канадалық Давид Лемье (39-4, 33 КО) ирландиялық Гэри О'Салливанмен (28-2, 20 КО) кездеседі;
— Бірінші орта салмақта (69,9 кг дейін) WBO чемпионы 21 жастағы мексикалық Хайме Мунгуйя (30-0, 25 КО) канадалық Брэндон Кукқа (20-1, 13 КО) қарсы титулды жекпе-жегін өткізеді;
— <span>Әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі, WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, кәсіпқой шаршы алаңда жеңіліп көрмеген 30 жастағы никарагуалық Роман Гонсалес (46-2, 38 КО) екінші жеңіл салмақ дәрежесі бойынша (52,2 кг дейін) мексикалық Мойсес Фуэнтеспен (25-5-1, 14 КО)кездеседі;</span>
— Америкалық боксшы Вирджил Ортисамл (10-0, 10 КО) бірінші жартылай орта салмақта (63,5 кг дейін) мексикалық Роберто Ортисқа (35-3-2, 26 КО) қарсы жекпе-жегін өткізеді. Алайда, жекпе-жек PPV-трансляциясында көрсетілмейді;
— Жартылай орта салмақта (66,7 кг дейін) АҚШ боксшысы Алексис Рочи (11-0, 8 КО) Мексикадан Карлос Сервантес (11-2, 11 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді, бұл да <span>PPV-трансляциясында көрсетілмейді</span>;
— Орта жеңіл салмақта (57,2 кг дейін) Франсиско Эспарзаның (8-0-1, 3 КО) қарсыласы әзірге белгісіз.
<span>Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. </span>