Кабананга Твумасиді басып озды

Кабананга Твумасиді басып озды

Кабананга «Астана» сапында Еурокубоктерде ең көп ойын өткізген футболшылар тізімінде Твумасиді басып озды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды. 

<span>«Динамо Загребке» қарсы кездесу «Астана» шабуылшысы Жуниор Кабананга үшін елорда командасы сапындағы еурокубоктердегі 36-шы ойыны ретінде тіркелді. </span>

<span>Ол бұл көрсеткіштер бойынша Патрик Твумасиді басып озып, «Астана» сапында Еурокубоктерде ең көп ойын өткізген футболшылар тізімінде 6-шы орынға тұрақтады. </span>

<span>Еске сала кетейік, бұл тізімде Дмитрий Шомко (48 ойын), Ненад Эрич (45) және Серікжан Мужиков (42) көш бастап келеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или