Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі

Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы екі ойынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады. 

Тізімге 23 футболшы енді: 

Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Тобыл»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко (барлығы - «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Станислав Лунин (екеуі де - «Қайрат»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»);

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Ян Вороговский, Магамед Парагульгов, Георгий Жуков (барлығы - «Қайрат»), Бактиер Зайнутдинов, Серікжан Мужиков (екеуі де - «Астана»);

Шабуылшылар: Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Алексей Щеткин, Роман Муртазаев (екеуі де - «Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебулан Сейдахмет («Уфа», Ресей).    

УЕФА Ұлттар лигасындағы Қазақстан мен Грузия арасындағы ойын 6 қыркүйек күні сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или