«Жетісу» «Ертіс» қақпасына екі гол соқты

«Жетісу» «Ертіс» қақпасына екі гол соқты

Футболдан ел біріншілігінің 23-турында талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында павлодарлық «Ертісті» қабылдады.

Матч тағдыры бірінші таймда шешіліп тасталды. 15-минутта Рафкат Аслан қызыл қағаз алып, «Ертіс» он ойыншымен қалған. Екі минуттан соң Мантас Куклис алаң иелерін алға шығарды. Ал 36-минутта Олег Хромцов өз командасының екінші голын соқты.

Командалар екінші таймда гол соға алмай, матч «Жетісудың» пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.

Осы ойыннан соң «Жетісу» 29 ұпаймен жинап, «Ақтөбемен» теңесті. Талдықорғандықтар алтыншы орында келеді. Ал «Ертіс» 19 ұпаймен соңғы орында тұр. Павлодарлықтар соңғы 13 матчтың 10-да жеңіліп, үшеуінде тең түскен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или