Головкин - «Канело» рематчын британ телевидениесі көрсетеді
<span style="font-family: Scada, sans-serif; font-variant-ligatures: normal; orphans: 2; widows: 2;">Белгілі промоутер Фрэнк Уоррен қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы екінші жекпе-жегі жаңа жобаның беташары болатынын айтты. </span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; font-variant-ligatures: normal; orphans: 2; widows: 2;"> Танымал BT Sport телеарнасы ақылы PPV-көрсетілімдерге арналған Box Office жобасын іске қоспақ. Британия телевидениесінің тарихи жобасы Головкин - Альварес рематчымен басталады. </span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; font-variant-ligatures: normal; orphans: 2; widows: 2;">«Box Office жобасының беташары үшін неткен үлкен жекпе-жек!», -деп жазды Уоррен Twitter парақшасында. Айта кетейік, ол орта салмақтағы WBO титулының иегері Билли Джо Сондерстің промоутері. GGG - «Канело» рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.</span>