Руслан Мәдиев келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды
Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев келесі жекпе-жегін 13 қыркүйекте Лас-Вегастағы Hard Rock Hotel-де өткізеді.
Мәдиевтің қарсыласы мексикалық Пабло Сезар Кано (30-7-1, 21 KO) болады деп күтілуде. Жекпе-жекті ESPN телеарнасы түсірмек.
Айта кетейік, Руслан Мәдиев өзінің соңғы жекпе-жегін 5 мамырда Карсонда өткізген болатын. Сол кездесуінде мексикалық Хесус Антонио Кампосты төрешілер шешімімен жеңген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или