«Уфа» Сейдахметсіз Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шықты (Видео)
Башқұртстанның «Уфа» ФК-ы Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Сейдахметсіз жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі soccer.ru сайтына сілтеме жасап.<span id="more-31984" />
«Уфа» үшінші кезеңде Люксембургтің «Прогресс Никеркорн» клубымен болған екі кездесу қорытындысы бойынша басым түсті.
Алғашқы ойында Уфада алаң иелерінің пайдасына (2:1) шешілген болатын. Қарымта кездесу бүгін өтіп, қарсыластар 2:2 есебімен тең түсті.
Естеріңізге сала кетер болсақ, «Уфа» сапында Еркебұлан Сейдахмет жарақатына байланысты Еуропа Лигасына қатысатын ойыншылар қатарына тіркелмеген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или