«Уотфорд» командасы «Тобылдың» формасын көшіріп алды ма
«Инстаграм» желісіндегі Eurosport.ru парақшасында қазақстандық «Тобыл» мен Англия Премьер-лигасында бақ сынайтын «Уотфорд» командалары жайлы қызықты жазба жарияланды, деп жазады Prosports.kz.
Жарияланған фотосуреттен екі команданың да қонақтағы формалары бірдей дизайнмен дайындалғанын байқауға болады.
Айта кетейік, қазақстандық клуб 2018 жылдың наурыз айынан бері осы формамен өнер көрсетіп жүр. Ал англиялық команда жасыл жейдесін жаңа ғана таныстырып отыр.
Ал екі команданың серіктесі - Adidas компаниясы. Спорттық құрал-жабдықтарды шығаратын ірі компаниялардың бірі саналатын <span>Adidas</span> бұл жағдайға байланысты әлі түсініктеме жасаған жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или